ru kz
Серіктестік

Елордамыздың орталығында ОРНАЛАСҚАН, ІС-ШАРАЛАРҒА, ТҮСІРІЛІМДЕР МЕН КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАРҒА АРНАЛҒАН таптырмас ОРЫН, КӨПФУНКЦИЯЛЫ КЕҢІСТІК
Біздің кеңістік
ОРТАЛЫҚ ЗАЛ
70
190 кв. м.
КІТАПХАНА
12
37 кв. м.
БАРЛЫҒЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ОРЫН
01
250 м²
Кең, бірнеше аймаққа бөлінген, әртүрлі форматтағы іс-шараларға бейімделетін кеңістік.
01
02
70 АДАМ
Театрлық отырыс — 46 адамға дейін.
 Пуфтар мен дивандарды қолданғанда — 70 адамға дейін.
02
03
ҚОЛДАУ
Ұйымдастыру және техникалық қолдау, кэйтеринг, фуршет аймақтары, нетворкинг және жабық кездесулерге арналған кеңістік.
03
04
ЖАБДЫҚТАЛУ
Кәсіби басқарылатын сахна. Үлкен ЛЭД экран. Сапалы дыбыс. Тегін интернет.
04
БІЗДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІМІЗ
Идея & формат

Идеяңызға лайық формат ұсынамыз — лекция ма, воркшоп па, поэтикалық кеш пе. Біз оқиғаңызды нақты құрылымға келтіріп, оны жүзеге асыруға арналған ең тиімді тәсілді табамыз.

Team ORTA

Тәжірибелі мамандардан құралған команда жобаны кәсіби деңгейде жүзеге асырады.

Визуал & Контент

Контент жасау мен визуалды коммуникацияны толықтай өз мойнымызға аламыз.

Ұйымдастыру

Тайминг, логистика, қонақтарды қарсы алу, кеңістік дайындау — бәрі нақты жоспармен жүреді. Сіз тек қонақтарыңызбен әңгімеге назар аударасыз.

Жарнама & PR

Жиналыс па, көрме ме — маңызды емес. Біз оны бүкіл платформада жария етеміз: Instagram, Threads, Telegram және тіпті БАҚ-та да.

Біздің жобалар
  • Qargyn
    Qargyn
    кітапты, пікірталасты және интеллектуалды әңгімелерді ұнататын жандарға арналған. Клубтың модераторы – блогер әрі сценарист Перизат Мырзахмет. Ол терең мағыналарды ашуға, өзекті тақырыптарды талқылауға және кітапсүйер қауымға жайлы атмосфера жасауға көмектеседі.
  • Qazaqsha shai
    Qazaqsha shai
    бұл кездесу қазақ тілін үйреніп жүрген немесе еркін сөйлей алатын адамдар үшін ортақ алаң. Мұнда ешкім сынамайды, ешкім ұялтпайды — бастысы, еркін сөйлеу, өз ойын жеткізу, бір-бірімен танысып, жылы атмосферада сөйлесу.
  • ORTA talks
    ORTA talks
    қала тұрғындары үшін танымдық кездесулер мен дәрістер өткізілетін алаң. Мұнда әртүрлі мамандар мен сарапшылар тыңдаушыларға жаңа білім мен идеялар бере отырып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Дәрістер қала тұрғындарының жеке және кәсіби дамуына ықпал етеді.
  • MIND talks
    MIND talks
    көкжиекті кеңейтуге, жаңа идеялар мен көзқарастармен танысуға, сондай-ақ жеке дамуға бағытталған оқиғалар. Әрбір кездесу-бұл үйреншікті нәрсені қайта қарау, шабыт алу және жаңа мағыналарды табу мүмкіндігі.
  • QAZAQ BUBBLE
    QAZAQ BUBBLE
    ғылым мен мәдениетті қарапайым және қызықты тілде ұсынатын бірегей жоба. Біз qazaqbubble-мен бірлесіп ғылыми жаңалықтарды қолжетімді ету және жастарды шығармашылыққа шабыттандыру үшін іс-шаралар ұйымдастырамыз.
faq
  1. РЕЗИДЕНТ ҚАЛАЙ БОЛАМЫН?

    Егер бізбен бір жобаны жүзеге асырғыңыз келсе — форманы  толтырыңыз, біз міндетті түрде хабарласамыз!

  2. ЗАЛДЫ ЖАЛҒА АЛУ

    ORTA-да іс-шара өткізгіңіз келе ме?
    Форманы толтырыңыз — идеядан бастап іске асыруға дейін көмектесеміз! 

  3. ТҮСІРІЛІМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

    Форманы толтырыңыз — біз сізге ең ыңғайлы кеңістікті ұсынуға дайынбыз.

  4. СПИКЕР БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

    Біздің алаңда сөз сөйлегіңіз келе ме?
    Арнайы  форманы  толтырыңыз — сіздің тәжірибеңіз бен тақырыбыңыз біздің комьюнити үшін шабыт көзі болуы мүмкін!

ORTA Community – ұйымдастыру мен атмосфераға біз жауап береміз
ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРУ