ru kz
Серіктестік
Елордамыздың орталығында ОРНАЛАСҚАН, ІС-ШАРАЛАРҒА, ТҮСІРІЛІМДЕР МЕН КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАРҒА АРНАЛҒАН таптырмас ОРЫН, КӨПФУНКЦИЯЛЫ КЕҢІСТІК
Біздің кеңістік
ОРТАЛЫҚ ЗАЛ
70
190 кв. м.
КІТАПХАНА
12
37 кв. м.
БАРЛЫҒЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ОРЫН
01
250 м²
Кең, бірнеше аймаққа бөлінген, әртүрлі форматтағы іс-шараларға бейімделетін кеңістік.
01
02
70 АДАМ
Театрлық отырыс — 46 адамға дейін.
 Пуфтар мен дивандарды қолданғанда — 70 адамға дейін.
02
03
ҚОЛДАУ
Ұйымдастыру және техникалық қолдау, кэйтеринг, фуршет аймақтары, нетворкинг және жабық кездесулерге арналған кеңістік.
03
04
ЖАБДЫҚТАЛУ
Кәсіби басқарылатын сахна. Үлкен ЛЭД экран. Сапалы дыбыс. Тегін интернет.
04
БІЗДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІМІЗ
Идея & формат

Идеяңызға лайық формат ұсынамыз — лекция ма, воркшоп па, поэтикалық кеш пе. Біз оқиғаңызды нақты құрылымға келтіріп, оны жүзеге асыруға арналған ең тиімді тәсілді табамыз.

Team ORTA

Тәжірибелі мамандардан құралған команда жобаны кәсіби деңгейде жүзеге асырады.

Визуал & Контент

Контент жасау мен визуалды коммуникацияны толықтай өз мойнымызға аламыз.

Ұйымдастыру

Тайминг, логистика, қонақтарды қарсы алу, кеңістік дайындау — бәрі нақты жоспармен жүреді. Сіз тек қонақтарыңызбен әңгімеге назар аударасыз.

Жарнама & PR

Жиналыс па, көрме ме — маңызды емес. Біз оны бүкіл платформада жария етеміз: Instagram, Threads, Telegram және тіпті БАҚ-та да.

Біздің жобалар
  • Qargyn
    Qargyn
    Қазақ тілінде кітап оқуды, пікірталас пен зияткерлік әңгімелерді ұнататындар клубы. Блогер әрі сценарист Перизат Мырзахметтің модерациясымен мұнда терең мағыналар ашылып, өзекті тақырыптар талқыланады. Qargyn — ой бөлісетін, жылы әрі шабыт беретін орта.
  • ORTA talks
    ORTA talks
    Елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған ашық білім алаңы. Мұнда сарапшылар мен мамандар жеке және кәсіби даму тақырыптарында дәрістер мен кездесулер өткізіп, тыңдармандарға жаңа білім мен идеялар ұсынады.
  • PR Drive
    PR Drive
    ORTA Community серіктестігімен ұйымдастырылатын PR және коммуникациялар саласына арналған ай сайынғы шеберлік сабақтары. Саладағы негізгі құралдар, трендтер мен тәжірибелер туралы жетекші мамандар Orta Community алаңында тұрақты түрде бөліседі.
  • Fading TSE
    Fading TSE
    Қала тұрғындарына елорданың тарихи-мәдени мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік беретін ашық кездесулер сериясы. Жоба ғимараттар, өнер нысандары мен қаланың әр ауданының тарихы туралы баяндап, мұраны сақтау мәселесіне белсенді азаматтар мен БАҚ-ты тартады.
  • Toastmasters Astana
    Toastmasters Astana
    ORTA Community алаңындағы ағылшын тіліндегі көпшілік алдында сөйлеу клубы. Toastmasters Astana халықаралық Toastmasters жүйесінің бір бөлігі ретінде шешендік өнер бойынша жарыстар мен сайыстарды тұрақты түрде өткізеді.
faq
  1. РЕЗИДЕНТ ҚАЛАЙ БОЛАМЫН?

    Егер бізбен бір жобаны жүзеге асырғыңыз келсе — форманы  толтырыңыз, біз міндетті түрде хабарласамыз!

  2. ЗАЛДЫ ЖАЛҒА АЛУ

    ORTA-да іс-шара өткізгіңіз келе ме?
    Форманы толтырыңыз — идеядан бастап іске асыруға дейін көмектесеміз! 

  3. ТҮСІРІЛІМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

    Форманы толтырыңыз — біз сізге ең ыңғайлы кеңістікті ұсынуға дайынбыз.

  4. СПИКЕР БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

    Біздің алаңда сөз сөйлегіңіз келе ме?
    Арнайы  форманы  толтырыңыз — сіздің тәжірибеңіз бен тақырыбыңыз біздің комьюнити үшін шабыт көзі болуы мүмкін!

ORTA Community – ұйымдастыру мен атмосфераға біз жауап береміз
ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРУ