
ORTA — жай ғана кеңістік емес, бұл творчестволық жандардың қауымдастығы. Мұнда лекциялар, шеберлік сабақтары, кинокөрсетілімдер мен воркшоптар өтеді.
Біз шараңызды нөлден бастап жоспарлап, ұйымдастырып, қажетті аудиторияға жеткізуге көмектесеміз. Жобаңыз қандай масштабта болса да — біз идеяны іске асыруға дайынбыз.


Біз не ұсынамыз? Кеңістікті сағатпен немесе күнмен жалға аласыз. Сізге лекция, шеберлік сабағы немесе жеке кездесу өткізу керек пе? Біз барлығын ұйымдастыруға көмектесеміз: сценарийден бастап — қатысушыларға дейін. Сонымен қатар, сіз біздің комьюнити мүшелерінің қолдауына ие бола аласыз.
ORTA — бұл тек зал жалдау емес. Бұл — комьюнити, шығармашылық орта, жаңа идеялар мен байланыстар мекені. Бізде тек шаралар ғана емес, жаңа достықтар мен жобалар басталады.
Сізде идея бар ма? Бізде оны жүзеге асыратын кеңістік пен команда бар. Байланысыңыз — ORTA сіздің идеяңызды оқиғаға айналдырады.